24.02.2020. Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

24.02.2020. Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес колледж АКТ.Залында «Жалпыгуманитарлық пәндер» ЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – мәдениет тарихында» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті. Колледж студенттеріне Әл-Фарабидің шығармашылығын дәріптеу мақсатында өлеңдері, трактаттары оқылып, көрермендерге сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Фараби бабамыздың тұлғасы мен мұрасы  және ғылымның дамуына қосқан үлесі,   жастарды парасаттылыққа, қайырымдылыққа, әділдікке және ғалым еңбектерін насихаттауға, оны ұлықтау мақсатында өткен іс-шарада студенттер домбыра тартып, би билеп, ән айтты. Сахнаға шыққан студенттер Әл-Фарабидің нақыл сөздері мен өлеңдерін оқыды, ғұламаның өнегелі өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Добавить комментарий