29.02.2020.Инновациялық-технологиялық колледжінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау кеші

29.02.2020.Инновациялық-технологиялық колледжінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау кеші өтті. Кештің барысы колледж директоры К.Сейтжановтың құттықтау сөзімен ашылды. Кешті үлгілі әрі белсенді түлектеріміз, оқуды қызыл дипломмен аяқтаған Ілесбай Жасұлан мен Бедилов Нұрмахан жоғарғы деңгейде жүргізді. Бітіруші түлектеріміздің ішінде СЗС 9-6р тобы өздері концерттік бағдарламалар көрсетіп, соңғы бітіру кештерінде де әдеттегідей өте белсенділік танытты.

Кешімізге арнайы қонақтар шақырылып, түлектеріміз Әнуарбек Арайлым, Сейтжан Бахытжан және Тұрсымұратова Әсел ұздаздар мен кураторларына жүрекжарды «арнау» тілектерін айтты. Кеш соңы қызыл диплом иесі, ақындық өнерімен көзге түскен бітіруші түлегіміз  Сейтжанның сөзіне жазылған «Колледж Әнұранымен» аяқталды.

Добавить комментарий