Колледж туралы

Инновациялық-технологиялық колледж

 «Инновациялық-технологиялық колледжі» жеке мекемесі 2010ж. 15 шілдеде Оңтүстік Қазақстан Облысының Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде

мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу номері 30239-1958-М-е куәлігі берілген. Бизнес сәйкестендіру номері 100740008457.

        2011ж. 4 шілдеде Оңтүстік Қазақстан Облысы Білім департаментінен техникалық және кәсіптік орта білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен

айналысуға мерзімі шектеусіз Мемлекеттік Сериясы АБ №0038386 лицензиясын алған. 

Мамандықтар:

0801000 – Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы

0809000 – Мұнай және газ кенорындарын пайдалану

0815000-Тұтқыр және сусымалы материалдардың химиялық өндірісінің машиналары мен жабдықтарын пайдалану

0816000 – Химиялық технология және өндіріс

1401000 – Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

1413000 – Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (салалары бойынша)

 Құрылтайшылардың, ірі өнеркәсіп мекемелері мен әлеуметтік серіктестердің тапсырыстарына сәйкес 2014-2015 оқу жылында төмендегі мамандықтар қосымша

ашылды: 

1.0807000-Мұнай және газ өнеркәсібі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

2.0507000-Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру

3.1314000-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

Оқу мерзімі: негізгі орта білім негізінде – 3ж. 6 ай, 3ж. 10 ай, жалпы орта білім негізінде – 2ж. 10 ай, 2ж. 6 ай.

     Коллледжімізде 2 техника ғылымдарының докторы, 3 техника ғылымдарының кандидаты, 8 магистр, жоғары, І, ІІ санатты оқытушылар мен жоғары дәрежелі

мамандар қызмет етеді.

     Колледжде қазіргі таңда жалпы студент саны – 768. Оның: 482 студенті – Республикалық және жергілікті бюджеттік негізде, 286 студенті – ақылы негізде,

оның 199 студенті – сырттай оқу бөлімінде білім алуда.

       «Саутс Ойл» ЖШС-нің директоры С.Сейтжанов компания есебінен ақылы негізге қабылданған студенттерге тегін оқу мүмкіндігін берді. Барлығы –  416

студент, оның 166-ы күндізгі, 250-і сыртқы оқу бөлімінде оқиды.

       Әлеуметтік жағдайы төмен студенттер үшін 50% жеңілдік қарастырылған.

2013-2014 мен  2018-2019 оқу жылдарында жалпы 264 түлек бітіріп шықты. Бітірген

түлектеріміз колледж және жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен мамандықтары бойынша 98% жұмыспен қамтамасыз етілді.

Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекттік бағдарламасын іске асыру аясында колледжбен 8 кәсіпорындар –  «Саутс-Ойл» ЖШС,

«Смарт-Ойл» ЖШС, «Стандарт-Цемент зауыты» ЖШС, «Мұнай-Құрылыс сервис» ЖШС, «Оңтүстік-Құрылыс-Сервис» ЖШС, «Кас бетон» ЖШС, «Инженерные

системы-А» жобалау институты, «Риксос Хадиша отель» ЖШС арасында кәсіптік іс-тәжірибелерді өткізу және әлеуметтік ынтымақтастықты нығайту туралы

келісім-шарттар түзілген.

         Қазіргі таңда колледжде 4 және 5 қабатты 2 оқу ғимараты бар. Онда: 38 оқу кабинеттері, 4 зертхана, 3 шеберхана, 4 компьютер класс, мемлекеттік қызмет көрсету орталығы,

2 лингафондық кабинет, кітапхана және электрондық оқу залы, оқу-әдістемелік кабинет, оқытушылар бөлмесі, Акт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, спорт

залдарымен қамтылған. Оқу кабинеттеріміз заманауи жабдықтармен – компьютерлік техникалармен, интерактивті тақталар және мультимедиялық  проекторлармен

жабдықталған.

         Колледжде студенттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуымен қатар, оларды салауатты өмір салтына бейімдеп, қоғамның қуатты мүшесі болуына, жастар

спортын дамытуға, интелектуалды, рухани-өнегелі етіп тәрбиелеуге, қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Студенттерімізге сабақтан тыс уақытта қосымша

Домбыра, Волейбол, Еркін күрес, Көңілді тапқырлар клубы сияқты үйірмелер жұмыс жасауда.

4 июля 2011 года департамент образования Южно-Казахстанской области получил государственную лицензию АБ №0038386 серии АБ № 0038386 на занятие деятельностью технического и профессионального среднего образования, послесреднего образования без ограничения сроков.

Директором колледжа назначен К. Сейтжанов, доктор технических наук, профессор, автор 96 научно-методических работ, Отличник образования РК и кавалер ордена Почета.

В колледже созданы все необходимые условия для качественного образования, осознанного воспитания студентов, адаптации их к здоровому образу жизни, сплоченности общества, развития молодежного спорта, интеллектуального, духовно-нравственного воспитания. Во внеурочное время для студентов дополнительно работают кружки: домбра, волейбол, вольная Борьба, КВН.