«WorldSkills Kazakhstan-2020» Облыстық чемпионаты

«WorldSkills Kazakhstan-2020» Облыстық  чемпионаттың  «Қонақ үй ресепшионисі»  құзыреттілігі бойынша 8 маусым күні «Яссы» қонақ үйінде өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша колледжімізден қатысқан Төретай А.Қ. тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындап, жүлделі 1-ші орынды иеленді, яғни, І-ші дәрежелі диплом, сертификат  және  бағалы сыйлық — телевизормен марапатталды.  «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша 15-18 маусым аралығында, Түркістан қаласында, №21 колледжде өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша колледжімізден қатысқан  Ілесбай Ж.Б  тағайындалған тапсырмаларды белсенді орындап, нәтижесінде жүлделі 2-ші орын алып, ІІ-ші дәрежелі диплом, сертификат және бағалы сыйлық- планшетпен марапатталды.  «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»  құзыреттілігі бойынша 15-18 маусым аралығында, Түркістан қаласындағы №21 колледжде өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша колледжімізден қатысқан Тұрсынов Н.А тағайындалған тапсырмаларды белсенді орындап, нәтижесінде жүлделі 3-ші орын алып, ІІІ-ші дәрежелі диплом, сертификат және бағалы сыйлық HARD DISK – пен марапатталды

Добавить комментарий