НовостиТәуелсіздік құндылықтарын насихаттау мақсатында Zoom бағдарламасы арқылы онлайн конференция өтті15.12.2020Бүгін 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау мақсатында Zoom бағдарламасы арқылы онлайн конференция өтті. Жиынды колледж директоры К.Сейтжанов ашып беріп, баршаны атаулы мерекемен құттықтады. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Досыбеков сөз алып, колледж директорының бұйрығымен таныстырып, белсенді еңбек етіп, үздік білім алып жүрген оқытушылар мен студенттерді марапаттау рәсімі өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Тогузбаева мен Тарих пәнінің оқытушысы Ж.Мадияр баяндама оқыды. Жиын барысында жарыссөзге студенттер сөз сойлеп, топтар арасында Тәуелсіздік күніне түсірілген бейнероликтер көрсетілді.... «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тәлімгерлік тәрбие сағатын өткізді10.11.2020Инновациялық-технологиялық колледждің топ кураторлары Zoom видео-конференциясы арқылы онлайн форматта студенттерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тәлімгерлік тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Білім алушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, білім беру орындарында қатаң тыйым салынатыны жайында, сондай-ақ ол заң бұзушылық болып есептелетіні жөнінде және жемқорлықпен айналысқан азаматтар ҚР заң алдында жазаланатыны жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде сөз қозғалды.... «WorldSkills Kazakhstan-2020» Облыстық чемпионаты20.06.2020«WorldSkills Kazakhstan-2020» Облыстық чемпионаттың «Қонақ үй ресепшионисі» құзыреттілігі бойынша 8 маусым күні «Яссы» қонақ үйінде өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша колледжімізден қатысқан Төретай А.Қ. тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындап, жүлделі 1-ші орынды иеленді, яғни, І-ші дәрежелі диплом, сертификат және бағалы сыйлық — телевизормен марапатталды. «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша 15-18 маусым аралығында, Түркістан қаласында, №21 колледжде өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша колледжімізден қатысқан Ілесбай Ж.Б тағайындалған тапсырмаларды белсенді орындап, нәтижесінде жүлделі 2-ші орын алып, ІІ-ші дәрежелі диплом, сертификат және бағалы сыйлық- планшетпен марапатталды. «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 15-18 маусым аралығында, Түркістан қаласындағы №21 колледжде өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша колледжімізден қатысқан Тұрсынов Н.А тағайындалған тапсырмаларды белсенді орындап, нәтижесінде жүлделі 3-ші орын алып, ІІІ-ші дәрежелі диплом, сертификат және бағалы сыйлық HARD DISK – пен марапатталды!...